- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жылжымайтын мүлік құқығын электронды тіркеу жүйесі енгізілді
Қазақстанда жылжымайтын мүлік құқығын электронды тіркеу жүйесі енгізілді
Аталмыш норма ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» заңына жасалған өзгерістерге сай енгізілді.
Электрондық тіркеу – бұл құжаттың электрондық көшірмесі негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтар мен ауыртпалықтарды мемлекеттік реттеу қызметі. Құжат көшірмесі мәмілені нотариалдық растаудан кейін Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесінен «Жылжымайтын мүлік регистрі» мемлекеттік деректер қорына келіп түседі.
Келісім жасалғаннан кейін нотариус электрондық тіркеуге өтініш пен барлық керекті құжаттарды тиісті органға жолдайды.
«Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікке құқықтар мен ауыртпалықтарды нотариуста құқық белгілеуші құжаттарды рәсімдеу кезінде тіркей алады. Енді құжаттарды ХҚКО өткізу мен әділет органдарының шешімін күту қажет емес. Мәмілеге тұрғаннан кейін нотариус құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеуге өтінішті рәсімдейді, бірегей нөмірі бар хабарламаны ұсынады да төлем сомасын береді» - деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бахтияр Қожахметовхабарлайды.
Жылжымайтын мүлікке құқықтар мен ауыртпалықтарды тіркеу бір тәулік ішінде нотариус өтінішті тапсырғаннан кейін және клиент төлем төлегеннен кейін жүзеге асырылады.
Айта кетейік, бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе (БНАЖ) - бұл нотариустарды тиімді жұмыспен қамтамасыз ету және республикалық, территориалды нотариалды палаталармен, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен өзара әрекетін, сонымен қатар халықты сапалы, құқықтық нотариалдық қызметпен қамсыздандыру үшін жасалған бағдарламалық-аппараттық кешен. Жоба 2009 жылдан бастап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда БНАЖжүйесінде Қазақстанның 3500 жуық нотариусы тіркелген.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек