- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР СІМ-нің Басшысы Оңтүстік Америка елдеріне сапарын аяқтады
ҚР СІМ-нің Басшысы Оңтүстік Америка елдеріне сапарын аяқтады
БФР СІМ де өткен келіссөздер аясында екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары жаһандық мәселелер жиынтығы мен екіжақты мәселелерді толыққанды талқылады.
Л.Фигейреду мемлекеттердің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарының орнауының 20 жылдық қарсаңындағы Бразилия аймағына тарихта алғаш рет қазақстандық министрдің ресми сапарының маңыздылығын атап өтті.
Хабарламада айтылғандай, Қазақстан бұл мемлекетпен ауыл шаруашылығы, машина құрастыру, түрлі саладағы жоғарғы технологиялар, азаматтық авиация мен энергия шығару өрісі секілді көптеген салаларда ынтымақтасуына қызығушылық танытуда. Қазіргі таңда қазақстандық әуе компаниялары сыйымдылығы 110 жолаушы ортамагистральды реактивті ұшақтар секторында көшбасшыларының бірі болып табылатын бразилиялық Эмбраер ұшағын иеленуде.
Итамарачидағы (БФР СІМ ғимараты) келіссөдер нәтижесінде екі елдің министрлері келесі құжаттарға қол қойды: екіжақты саяси, экономикалық, сауда және инвестициялық диалог жөнінде Меморандумға және спорт саласындағы ынтымақтастық Меморандумына, сонымен қатар жаһандық мәселелер сипатындағы екі елдің ұстанымы мен екіжақты мәселелер сұрақтары қамтылған Бірлескен мәлімдемені қабылдады.
Өзінің Бразилиа қаласына сапары аясында Е.Ыдырысов Рио-Бранко атындағы Дипломатиялық академияның тыңдармандары мен профессорлық-оқытушылық құрамының алдында сөз сөйледі. Бразилиялық жас дипломаттар қазіргі Қазақстан жайлы терең білімдерін көрсетіп, ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық реформаларымен, еліміздің тарихымен, көршілес мемлекеттермен қарым-қатынастарымызды, аймақтық бірлестіктегі рөлі, қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдылығы жайлы қызығушылықтарын білдірді.
Бразилия астанасына сапарының ресми бағдарламасы ҚР Дипломатиялық өкілдігінің салтанатты ашылу рәсімімен аяқталды. Аталған іс-шараға БФР Сыртқы істер министрі, Бразилия астанасының әкімі, бразилиялық қоғамдық-саяси және іскери топтардың негізін қалаушы өкілдер қатысты.
Рәсім барысында Е.Ыдырысов өзінің бразилиялық әріптесі Л.Фигейредумен екі елдің азаматтарына визалық талаптарды жою туралы Келісіміне қол қойды. Министрлер ішкі мемлекеттік шараларынан кейін және келісімнің күшіне енген сәтінен бастап екі ел азаматтары визалық рәсімдерсіз Қазақстан мен Бразилия елдеріне емін-еркін баруларына болатындығын атап өтті.
Екі тарап Қазақстан мен бразилиялықтар осы бірегей мүмкіндіктерді іскер, мәдени және академиялық топтар арасындағы қарымқатынас кеңейетіндіктеріне, сондай-ақ белсенді қолданатындықтарына, екі ел арасындағы серіктестіктерді ңығайтуға септігін тигізетіне ниеттерін білдірді. ҚР СІМ Қазақстан тарапынан ішкі мемелекеттік шараларын 2014 жылдың басында аяқтауды жоспарлап отыр.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы