- Басты
- Жаңалықтар
- А.Перуашев: Президенттің «қазақстандық қамту» тапсырмасының заңдық күші Үкіметтің көптеген міндеттерді орындауына игі ықпал етеді
А.Перуашев: Президенттің «қазақстандық қамту» тапсырмасының заңдық күші Үкіметтің көптеген міндеттерді орындауына игі ықпал етеді
«Бұл «Ақ жол» партиясы өкілдерінің пікірі»,-деді ол. Оның вице-Премьер Б.Сағынтаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында келтірген мәліметтеріне сүйене отырып айтуынша, биылғы жылы ұлттық компаниялар мен жүйеқұраушы кәсіпорындармен жасалған меморандумдардың құны 960 миллиард теңгені құрайды.
Бұған қоса, Алматы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» қорының арасында бекітілген Меморандумның өзі 100 миллиард теңгеге жетіп отыр. Бұл құжаттардың барлығының құнын есептесек, 1,6 триллион теңге болады. Бұл дегеніңіз келісім жасаған салалардың арасында сауда-саттықтан түсетін қаржының 12-13 пайызы деген сөз»,-деді А.Перуашев.
Естеріңізге сала кетейік, Елбасы осыған дейін Мемлекеттің алдына қазақстандық қамту бойынша ұйымдастырылатын форумдарды өткізуді қайта жаңғыртып, оның барысында меморандумдарға қол қоюды жалғастыра беруді тапсырған. Сонымен қатар Президент елімздің барлық сауда желілерінде қазақстандық тауарлардың болуын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстанда жасалған» акциясын іске қосып, әкімдерге осы бағыттағы жұмыстарды жіті қадағалауды тапсырды. Бұған қоса Елбасы еліміздің барлық азаматтарына қайырыла отырып, бүгінгідей қиын-қыстау күнде отандық тауарларға жанашырлық танытып, оларды көптеп сатып алуды тапсырған болатын.
Индира Кауметова
-
Президент жолдауынан басталған игі істер -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
ШОБ: Алдағы үш айда мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары күшіне енеді -
Ықпалды күштер бәсекесі: қарулы қақтығыстан жұмсақ күшке дейін -
Вакцина оразаға қалай әсер етеді -
А.Райымқұлова: Құжат - ЮНЕСКО жүйесiнде Қазақстанның бастамаларын iске асыруға ықпал етпек -
Біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалану қағидалары қашан күшіне енбек -
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев -
ҚР ИИДМ: Көлік құралдарын шығару - машина жасау өнеркәсібінің дамуына ықпал етті -
Жыл қорытындысы: Парламентте қабылданған Заңдар, Үкіметтің пандемия кезіндегі жұмыс нәтижелері -
Уролог дәрігер: коронавирус ер азаматтардың репродуктивті денсаулығына әсер етеді -
«Елбасы бастамалары халықтың игілігіне қызмет етіп келеді»: сарапшылар пікірі -
COVID-19-дың миграцияға ықпалы