Бразилияда Қазақстан Елшілігі ашылды

4 Қазан, 2013 18:26
2013 жылғы 3 қазанда ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов өзінің Оңтүстік Америка елдеріне сапарын аяқтады. Сапардың соңғы мәресі Бразилия болды. Ол онда елдің астанасы Бразилия қаласында ресми кездесулер өткізіп, елдің индустриалды-қаржылық орталығы болып табылатын Сан-Паулу қаласында алғаш рет ұйымдастырылған қазақстан-бразилиялық бизнес-форумға қатысты, деп Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Бразилияның астанасындағы ресми бағдарламада ҚР Елшілігінің ашылуымен аяқталды.

Оған БФР Сыртқы істер министрі, қоғамдық және саяси тұлғалар, Бразилия іскер ортасы мен дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

Рәсім барысында Е.Ыдырысов өзінің бразилиялық әріптесі Л.Фигейредумен екі елдің азаматтарына визалық талаптарды жою туралы Келісіміне қол қойды.

Министрлер ішкі мемлекеттік шараларынан кейін және келісімнің күшіне енген сәтінен бастап екі ел азаматтары визалық рәсімдерсіз Қазақстан мен Бразилия елдеріне емін-еркін баруларына болатындығын атап өтті.

Екі тарап Қазақстан мен бразилиялықтар осы бірегей мүмкіндіктерді іскер, мәдени және академиялық топтар арасындағы қарым-қатынас кеңейетініне  сондай-ақ белсенді қолданатынына, екі ел арасындағы серіктестіктерді ңығайтуға септігін тигізетіне ниеттерін білдірді.

ҚР СІМ Қазақстан тарапынан ішкі мемелекеттік шараларын 2014 жылдың басында аяқтауды жоспарлап отыр.

 

 

Барлық жаңалықтар