• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Ақ жол» Елбасының кезектен тыс Президент сайлауын өткізу шешімін қолдайды

«Ақ жол» Елбасының кезектен тыс Президент сайлауын өткізу шешімін қолдайды

26 Ақпан, 2015 13:29
«Ақ жол» партиясы Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлау өткізу шешімін қолдайды, деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Демократиялық партиясының жетекшісі, ҚР Парламент Мәжілісінің экономикалық және өңірлік даму комитетінің мүшесі Азат Перуашев ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.

«Белгілі болғандай, Елбасы 2015 жылы кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. «Ақ жол» партиясы оның шешімін толығымен қолдайды. Әлемдік экономикалық тұрақсыздық жағдайында бірігіп, әлемдік дағдарыстың ел экономикасына әсер етуін болдырмау қажет», - деді депутат.

 А.Перуашев атап өткендей, Қазақстанда орын алған жағдайларға байланысты ұлттық қызығушылықтарға аса көңіл бөлетін саясатты ұстану қажет. « «Ақ жол» партиясы осы себептерге орай Ұлт көшбасшысының кезектен тыс сайлау өткізу бастамасын толығымен қолдап отыр», - деді ол.

Айта кетейік, ҚР Президентінің сайлауын 2015 жылдың 26 сәуірінде өткізу бекітілді. 14 ақпан күні ҚХА мүшелері ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы бастаманы алға тартқан болатын.  ҚХА мүшелерінің пікірінше, әлемдік экономикалық дағдарыс  жағдайында кезектен тыс сайлау «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға  мүмкіндік беріп, елдің ұзақмерзімді дамуын жалғастырады.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар