- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қаржы министрлігі Сенатта 2015-2017 жылдарға арналған бюджетке енгізілген түзетулерді таныстырды
ҚР Қаржы министрлігі Сенатта 2015-2017 жылдарға арналған бюджетке енгізілген түзетулерді таныстырды
«2015 жылғы түсімдер 5 триллион 988 миллиард көлемінде анықталды. Бұл осыған дейінгі бекітілген бюджет көрсеткіштерінен 870 миллиард теңгеге аз. Болжам 3 триллион 219 миллиард теңгенің көлемінде немесе осыған дейінгі болжамнан 940 миллиард теңгеге кем. Республика бюджетінің шығындары 7 триллион 244,5 миллиард теңгенің көлемінде қарастырылып, алдындағы көрсеткіштен 610 миллиард теңгеге аз болып отыр», - деді еліміздің Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.
Шығыстар негізінен елде іске асырылуы тиіс жаңа жобалар мен бағдарламалар және әлеуметтік саладағы тың бастамаларға жұмсалатын болады.
Сонымен қатар, министрдің айтуынша, әлеуметтік сала бойынша жұмсалатын шығындар жалпы шығынды ескере келгенде 39,2 пайызды құрап, тұрақты өсім 0,2 пайызды құрап отыр.
«Ұлттық қордан алынған кепілді трансферттер көлемі алдында бекітілген 1 триллион 702 миллиард теңге көлемінде қалды. Ұлттық қордан алынатын мақсатты трансферттердің көлемі «Нұрлы жол» бағдарламасын түзетудің есебінен 76 миллиард теңгеге көбейіп, 70835 миллиард теңге болып қалды»,-деді Қаржы министрлігінің басшысы.
Камила Амирова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды