• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қызылорда облысында коммуналдық төлем түбіртегінде антимонополистер мен прокуратураның байланыс ақпараты көрсетіледі

Қызылорда облысында коммуналдық төлем түбіртегінде антимонополистер мен прокуратураның байланыс ақпараты көрсетіледі

4 Қазан, 2013 18:13
Қоммуналдық қызмет төлемінің екінші жағында антимонополиялық инспекция мен прокуратураның байланыс ақпараты көрсетілетін болады. Аталмыш ынтымақтастық меморандум Қызылорда облысының Антимонополиялық инспекциясы мен облыстық прокуратура, коммуналдық кәсіпорындарының арасында жүзеге асты, деп Бәсекелестікті қорғау министрлігі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Антимонополиялық органдар мен прокуратураның телефон нөмірлері мен өзге де ақпараттық материалдар түбіртектердің артқы жағына жазылатын болады. Тұтынушылар сұрақ туындайтын болса, аталмыш мекемелерге хабарласа алады», - деп хабарламада жазылған.

Айта кетейік, меморандумға қолды мына коммуналдық ұйымдар қойды: «Энергосервис» ЖШС, «Шиели Жарыгы» ЖШС, «Даулетэнерго» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ және тағы басқа мекемелер.

Хабарламада айтылғандай, ынтымақтастық бойынша тағы бірлескен жобалар мен конференциялар өткізіледі.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар