- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда туберкулездің алдын алуға арналған айлық басталды - ДСӘДМ
Қазақстанда туберкулездің алдын алуға арналған айлық басталды - ДСӘДМ
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлағандай, шара мақсаты – медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдары дәрігерлерінің туберкулезді ерте анықтауға қатысты қырағылығын арттыру; салауатты өмір салтын ұстануға және профилактикалық тексерістерді уақытында өтуге жағдай жасау; туберкулездің алғашқы белгілері, уақытында емделудің тиімділігі, темекіден, есірткіден, алкогольдік ішімдіктен бас тарту, дұрыс тамақтану және дене белсенділігі сияқты профилактикалық шаралар туралы тұрғындардың хабардарлығын арттыру болып табылады.
Айлық шеңберінде республика бойынша МСАК ұйымдарының медициналық қызметкерлері үшін туберкулездің алдын алу және ерте диагностикалау жөнінде семинар-тренингтер; фтизиатор және өзге мамандарды тарта отырып, емдеу ұйымдарында ашық есік күндерін; денсаулық мектептерінде туберкулездің алдын алу бойынша сабақтар; кәсіпорындар жетекшілеріне арналған туберкулездің алдын алу және денсаулықты сақтау және нығайтуға, тәуекел топтарына жататын тұлғалардың жыл сайын міндетті түрде флюорографиялық тексерулерден өтуіне жағдай жасау жөнінде семинар-тренингтер өткізіледі.
Туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейін төмендету - «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі. Елімізде соңғы 10 жылда туберкулезбен сырқаттанушылық және одан болатын өлім-жітім азайды. Скринингтік тексерулердің арқасында туберкулезге шалдыққан науқастардың 70% астамы ерте кезеңде анықталады.
Айта кетейік, бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күні жыл сайын 24 наурызда атап өтіледі.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда