- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы Астана халқының саны 38 мың адамға көбейді
2014 жылы Астана халқының саны 38 мың адамға көбейді
«Астана қаласындағы халықтың саны ағымдағы есеп бойынша 2015 жылғы 1 қаңтарда 852985 адамды, оның ішінде «Алматы» ауданы бойынша - 379943 (44,5%), «Есіл» ауданы бойынша - 126799 (14,9%), «Сарыарқа» ауданы бойынша - 346243 (40,6%) адамды құрады», - делінген хабарламада.
2014 жылдың басымен салыстырғанда, Астана қаласындағы халықтың жалпы саны 38550 адамға, оның ішінде «Алматы» ауданы бойынша - 11916 адамға, «Есіл» ауданы бойынша - 12955 адамға, «Сарыарқа» ауданы бойынша - 17920 адамға көбейді.
2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда халықтың табиғи өсімі - 20630 адамды, көші-қон өсімі - 17920 адамды құрады.
2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда жалпы Астана қаласы бойынша 24216 туылғандар тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,8%-ға артық. Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 12,6%-ға көтерілді және 20630 адамды құрады.
Осы аралықта қалада 3586 адам қайтыс болды, бұл 2013 жылғы қаңтар-желтоқсандағы көрсеткіштен 1,4%-ға артық.
2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің 167 жағдайы тіркелді, бұл 2013 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 29 жағдайға аз. Сәбилер өлім-жітімінің коэффициенті 6,90 (2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда - 8,97) құрады.
Халық өлімінің негізгі себептер топтарының арасында ең үлкен үлес салмақты, әдеттегідей, қан айналымы жүйесі аурулары - 33,3%, өскіндер - 21,4%, жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттану - 13,3% алады.
2014 жылғы қаңтар-желтоқсандағы АХАТ органдарында тіркелген некелесулер саны, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,8%-ға, ажырасулар саны 9,4%-ға өсті.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда