• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2013 жылы 38 сырқат түрі бойынша халықтың науқастану көрсеткіші төмендеген - ДСМ

2013 жылы 38 сырқат түрі бойынша халықтың науқастану көрсеткіші төмендеген - ДСМ

4 Қазан, 2013 17:21
2013 жылдың 8 айында Қазақстанда 38 сырқат түрі бойынша халықтың науқастану көрсеткіші төмендеген, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

«Халық арасында инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу жұмыстарының жүргізілуі нәтижесінде 2012 жылдың  көрсеткішіне қарағанда биыл 38 сырқат түрі бойынша халықтың науқастануы төмендеген. Соның ішінде қызылшамен ауыру 2,8 есеге, көкжөтел 2,4 есеге, эпидемиялық паротит 2,1 есеге,  күшті гепатиттік вирус 32,1 пайызға, жұқпалы іш ауруы 21,9 пайызға, күшті ішек инфекциясы 16,7 пайызға, сальмонеллоз 16,5 пайызға, дем алу органдарының туберкулезі 7,9 пайызға, бруцеллоз 7,2 пайызға төмендеген», -  делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 2013 жылдың 8 айы бойынша республика аймағында инфекциялық аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.

«2013 халықтың обамен, тырысқақпен, туляремиямен, ішсүзегімен, паратифпен, күйдіргімен, дифтериямен, сіреспемен, полиомиелитпен сырқаттанушылық жағдайы тіркелген жоқ» - делінген хабарламада. 

Құтырмамен, ботулизммен, сіреспенің басқа түрімен және трихинеллезбен сырқаттанушылықтың бірлі-жарым жағдайлары тіркелді.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар