- Басты
- Жаңалықтар
- Сайлау Қазақстанның тұрақты дамуы үшін қажетті сенімді еселей түседі – К.Мәсімов
Сайлау Қазақстанның тұрақты дамуы үшін қажетті сенімді еселей түседі – К.Мәсімов
Кездесу барысында Мемлекет басшысы биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтары басшыларымен консультациялар ел тұрғындары мен түрлі ұйымдардың Президент сайлауын өткізуге қатысты ой-пікірлеріне байланысты өткізіліп отырғанын айтты.
«Халық мемлекет жүзеге асырып жатқан бағдарламалар жалғастырылып, өз мәресіне жеткізіледі, ал олардың нәтижелері жұрттың өмірін жақсартуға мүмкіндік береді деп күтіп отыр. Бұл мәселе инвесторлар үшін сенімділік беріп, жаңа перспективаларға жол ашатындықтан маңызды мәнге ие», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
К.Мәсімов қоғамда Президент сайлауын өткізу мәселесі белсенді талқыланып жатқанын растады.
« Үкімет сайлау өткізу үшін заңдық тұрғыдан кедергі көріп тұрған жоқ. Іс жүзіндегі қисындылық жөнінен, Сіздің «Нұрлы жол» Жолдауыңыз дер кезінде жасалып, ел ішінде және сыртында жоғары бағаланды. Сондай-ақ Сіз «Қазақстан-2050» Стратегиясында ұзақмерзімді іс-қимыл жоспарын ұсындыңыз. Осыған байланысты сайлау өткізу мәселесі дер кезінде көтерілді, өйткені ол аталған шаралардың бәрін жүзеге асыру үшін қосымша мандат береді. Жалпы алғанда, сайлау Қазақстанның тұрақты дамуы үшін қажетті сенімді еселей түседі», – деді Премьер-Министр.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары