• Басты
  • Жаңалықтар
  • ТЖМ қызметкері қоян-қолтық ұрыстан әлем Кубогында күміс медальға ие болды

ТЖМ қызметкері қоян-қолтық ұрыстан әлем Кубогында күміс медальға ие болды

4 Қазан, 2013 17:00
Астана қалалық ТЖ департаменті қызметкері Біржан Ағымов қоян-қолтық ұрыстан әлем Кубогында күміс медальға ие болды, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Әлем кубогы АҚШ-тың Филадельфия қаласында өтті. Қазақстаннан бөлек жарысқа әлемнің 8 елінен спортшылары қатысты. Спортшылар 4 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті, делінген хабарламада.

«Үш кездесудің алғашқы екеуінде Ресей мен Америка спортшыларына қарсы өткізіп, екеуінде де жеңіске жеттім. Ақтық мәреде үшінші күресте, алғашқы минутта-ақ мені жарыстан алып тастады, дәрігерлер аққан қанды көпке дейін тоқтата алмады», - дейді Біржан Ағымов.

Айта кету керек, аталмыш бәйгеден қазақстандықтар 1 алтын, 3 күміс  алқа  алып келді.

Біржан Ағымов ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының түлегі. Қазіргі уақытта Өрт сөндіру және апаттық-құтқару Қызметінің Астана қалалық ТЖ Департаменті №8 өрт сөндіру бөлімінің күзет бастығы болып қызмет  етеді.

 

Барлық жаңалықтар