- Басты
- Жаңалықтар
- А. Есімов - Алматының денсаулық саласының деңгейі республкалық орташа көрсеткіштен жоғары
А. Есімов - Алматының денсаулық саласының деңгейі республкалық орташа көрсеткіштен жоғары
Қала әкімі 2014 жылы бірқатар параметрлер бойынша мегаполистің денсаулық сақтау саласының деңгейі орта республикалық көрсеткіштен жоғары екенін атап өтті. Мысалы, бала туу өсімі артты, жалпы өлім азайды, өкпе ауруының алды алынды, ана мен бала өлімін болдырмау барысында жақсы көрсеткіштерге қол жетті.
Өткен жылы қаланың денсаулық сақтау саласына республикалық бюджетті қоса есептегенде 62 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді, яғни өсім 10%, қаржының 99,9% -ы игерілді. Денсаулық сақтау саласының 10 нысаны күрделі жөндеуден өтті, жетеуінің сейсмикалық қуаты күшейтілді. «Жетісу-3» ықшам ауданындағы тұрғын үйдің бірінші қабатында «Мамыр» ықшам ауданының тұрғындары үшін қазіргі заманға сай қалалық емхана жұмыс істейтін болады, медиктер үшін 138 орынды жатақхана пайдалануға берілді.
Бұлардан өзге денсаулық сақтау ұйымдары заманауй әрі жоғары технолгиялы қондырғылармен жабдықталуда. Осы мақсаттар үшін 3 миллиард теңге бөлінді. Медиктердің кәсіби шеберлігін арттыру үшін 230 млн. теңге жұмсалды, соның арқасында 1842 дәрігер, 2451 орта медицина қызметкері, 100 маман шетелдік жетекші клиникаларда білімдерін жетілдірді.
Алматы әкімі 2015 жылы атқарылуы тиіс негізгі міндеттерді атап көрсетті.
«2015 жылы да жақсы жетістіктерге қол жеткізіп, негізгі индикаторларды нығайта түсу қажет. Үстіміздегі жылдың аяғына дейін денсаулық саласының шығынды 2 ұйымын мемлекеттік- жеке серіктестікке беру керек, қаржы тәртібін жақсартып, ведомстволық бағынышты ұйымдардың өзін-өзі ақтауын арттырған жөн», - деп қорытындылады сөзін А. Есімов.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады