- Басты
- Жаңалықтар
- Атырау қаласының майдангерлеріне қару-жарақтар мен әскери техника көрсетілді (Фото)
Атырау қаласының майдангерлеріне қару-жарақтар мен әскери техника көрсетілді (Фото)
Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, майдангерлерді «Батыс» ӨңҚ әскерлерінің қолбасшысы полковник Марат Нұғманов құттықтады. «Отанымыздың қауіпсіздігі мен берекесі әрқашанда бірінші орында тұрады.
Соғысқа қатысқан әр азаматтың шексіз отансүйгіштігі жауынгерлік бауырмалдықты нығайтып, жау алдында үстем болуға мүмкіндік берді. Мәскеу, Сталинград түбіндегі шайқастарда, Курск доғасында, Днепр бойындағы ұрыста тірек болып, қоршауда қалған Ленинградқа қажырлық берді, сансыз ұрыстарда сарбаздардың рухын көтерді», - деп полковник Марат Нұғманов ардагерлер алдында сөз сөйледі.
Жоғарғы буын өкілдері өздеріне көрсеткен қару-жарақ және әскери техникамен үлкен қызығушылықпен танысқаннан кейін, соғыс жылдарындағы ән-билерді тамашалады. 41321, 51051, 41433 әскери бөлімдердің әскери қызметшілері мен Атырау қ. әскери-техникалық мектебінің оқушылары Ұлы Отан соғысы ардагерлері алдында салтанатты сап түзеп жүріп өтті, сондай-ақ олар қоян-қолтық күрестің әдістерін көрсетті.
Майдангерлерге мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Аталған іс-шара «Батыс» ӨңҚ Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі жоспардың аясында өтті.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады