- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Үкіметі негізгі мұнай өндіру компанияларына салық салуды оңтайландыру шараларын қабылдайды
ҚР Үкіметі негізгі мұнай өндіру компанияларына салық салуды оңтайландыру шараларын қабылдайды
«Бүгінде Үкіметтің экономика блогымен бірлесіп негізгі мұнай өндіру компанияларының қаржы жағдайы саралануда, ағымдағы жылдың наурыз айының соңына дейін негізгі мұнай өндіру компанияларына салық салуды оңтайландыру шаралары қабылданады, бұл мұнай өндіру деңгейін сақтап қалу үшін және әлеуметтік міндеттемелерді орындау үшін жасалады», - деп мәлімдеді сенатор.
Осы ретте, депутат атап өткендей, 2015 жылы мұнай өндіру көлемі 80,5 млн тонна деңгейінде, мұнайды қайта өңдеу 14,3 млн тонна деңгейінде болады деп болжануда. Ал, мұнай экспорты 60 млн тонна деңгейінде болады деп күтілуде.
Сонымен қатар, М. Бортник толықтырғандай, индустрияландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асыру аясында мұнай мен газды өндіру және қайта өңдеу, мұнайгазхимия, машинақұрылысы бойынша жалпыұлттық кластерді жасақтау жалғасады.
Айта кетерлік жайт, мұнайгаз кешені мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келеді және кейбір аймақтарда аталмыш сала мемлекет экономикасының локомотиві болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан әлемнің 30 еліне мұнай жібереді. 2014 жылы 62,5 млн тонна мұнай экспортталды, ірі сатып алушылар Еуропада (Италия - 25%, Нидерланды - 13%, Франция - 9 %, Австрия - 7%) және Қытай Халық Республикасында - 17%.
Индира Кауметова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Мұнай-газ өндіру мәселелері -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері