- Басты
- Жаңалықтар
- «Бәйтерек» холдингі Шымкентте мақта-мата жіп иірімдерін өндіретін зауытты іске қосты
«Бәйтерек» холдингі Шымкентте мақта-мата жіп иірімдерін өндіретін зауытты іске қосты
Бақылау жұмыстары барысында кредиторлар комитеті мен «Бәйтерек» холдингі және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен ғимаратты электрожабдықтау мен құралдарды қайта іске қосу бойынша бірқатар шаралар жүргізілді. Сөйтіп, кәсіпорын іске қосылды. Алайда, 2014 жылғы наурыз айында шикізат пен айналым құралдарының жоқтығы салдарынан кәсіпорын өз жұмысын қайта тоқтатты, деп хабарлады Ұлттық холдинг.
2013 жылғы тамыз айында «Oxy Textile» ЖШС қатысты сыртқы бақылау үрдісі енгізілген болатын. Бұл үрдістің мақсаты – зауыт мүлігінің түгелдігін қамтамасыз етіп, кәсіпорынның қаржылық ахуалын сарапқа салу.
2014 жылғы қазан айында «Бәйтерек» компаниялар тобы – «Қазақстанның Инвестициялық Қоры» АҚ, «Қазақстан Даму Банкі-Лизинг» АҚ және «Baiterek Venture Fund» АҚ қолдауымен кәсіпорынды сауықтырып, қайта іске қосу тәсілі қарастырылған жаңа жоспар мақұлданды.
Зауытты сауықтырып, оны қайта іске қосудың қаржылық үлгісі «Baiterek Venture Fund» АҚ тарапынан шикізат алып, «Oxy Textile» ЖШС өндірісінің іске қосылуына инвестицияның құйылуын қарастырады. «Baiterek Venture Fund» АҚ тарапынан бөлінген қаражат сомасы 907,5 млн.теңгені құрайды. Мақта-мата жіп иірімдерін өндіру бойынша кәсіпорынды іске қосқаннан кейін оның қуаттылығы жылына 6 183 тонна дайын өнім алуға дейін жетпек.
Бүгінгі таңда зауытта 90-нан астам адам жұмыс жасайды және толық өндіріске қосылғаннан бастап жұмыс орнымен 270 адам қамтамасыз етілмек. Бастапқы кезеңде бүкіл дайын өнім экспортқа жолданады, ал келесі кезеңдегі өнім ішкі нарыққа бағытталмақ.
Айта кетейік, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ 2013 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес ұйымдастырылды. Холдингті ұйымдастырудың мақсаты экономиканы дамыту мен диверсификациялауға, инвестицияларды тарту, кластерлерді дамытуға, еншілес ұйымдарында корпоративтік басқару жүйесін жетілдіруге қолдау көрсету болып отыр.
-
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады -
Алматы мен Нұр-Сұлтанда дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды