• Басты
  • 2015 жылы әлеуметтік қызмет көрсететін мемлекеттік ұйымдардың 70% мүгедектерге бейімделеді
26 Ақпан, 2015 15:53

2015 жылы әлеуметтік қызмет көрсететін мемлекеттік ұйымдардың 70% мүгедектерге бейімделеді

2015 жылы зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау, мүгедектікті анықтау сияқты әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік ұйымдардың 70% айырықша мұқтаждықтары бар тұлғаларға бейімделеді, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
2015 жылы әлеуметтік қызмет көрсететін мемлекеттік ұйымдардың 70% мүгедектерге бейімделеді | Strategy2050.kz

Атап айтқанда, бұл жұмысты зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтарда, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшелерінде, ауруханалар мен емханаларда, қариялар мен мүгедек жандарға арналған интернаттардан бастау жоспарланып отыр.

«Аталған нысандарды бейімдеу мемлекеттік ұйымдарда пандустар мен жеделсатылар жоқ болып, есік орны тар және табалдырығы жоғары кезде қиындыққа тап болатын мүгедектер, қариялар және бесік арбамен жүретін әйелдер үшін кедергісіз орта қалыптастырады», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 17 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Т.Дүйсенова ҚР ДСӘДМ мамандары денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек салаларында ұсынылатын қызметтер сапасын арттыруға күш салатынын мәлімдеген. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды