Рахилям Махпирова

4 Қазан, 2013 16:44

Рахилям Махпирова 1973 жылы дүниеге келді. Ұлты – ұйғыр, білімі – жоғары.

Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетін «Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдады. Сонымен қатар, ішкі экономикалық қызмет мамандығы бойынша дипломы бар.

Еңбек жолын 1994 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университеті канцелериясында іс жүргізуші қызметінен бастады.

2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «НефтеГаз-Дем» ЗЖҚ  АҚ  атқарушы директоры қызметін атқарып келеді.
2010 жылдан қазіргі уақытқа дейін Оңтүстік өңір бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдігі «Этнос-Форум» Қоғамдық Қорының атқарушы директоры қызметін атқарып келеді.

Қоғамдық қызметтермен белсенді айналысады. Мемлекет басшысының алғысымен, БҒМ  Алғыс хатымен, Қазақстан халықтары Ассамблеясы Республикалық Қорының Алғыс хатымен, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы бірінші орынбасарының Алғыс хатымен, ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын Республикалық қадағалау комиссиясының  Алғыс хатымен, «Қазақстанның еңбек сіңірген қаржыгері» орденімен марапатталды.  

«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекеттік дарыны нәтижесінде әлемдік бренд – қазақстандық ерекше даму жолы қалыптасты. Бүгінде Қазақстан әлемдік қауымдастықта өзінің азаматтарының әл-ауқатының көтерілуіне қатысты жағдай жасауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайларды оңай шеше алатын ел ретінде танылды.

Тәуелсіздіктің даму жылдары менің өмірімнің ең белсенді кезеңімен тұспа-тұс келді. Тағдырдың жазуымен мен еліміздегі көптеген жаңа бастамалардың басы-қасында болдым. Қазірде артыма қарап, егер менің Қазақстаным тәуелсіздігін алмағанда менің өмірім не болар еді деген ойға еріксіз берілемін. 20 жыл бұрын мен, қарапайым ұйғыр отбасынан шыққан қыз, 20 жылдан кейін еліміздің алдыңғы қатарлы қаржы институтының директоры боламын, Қазақстан Халқы  Ассамблеясының мүшесі боламын, маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға ат салысамын деп ойлаған да емеспін.  

Менің өмірімнің ең бақытты кезеңі 1993 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетіне Елбасының келуінен басталды. Студенттермен кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы бізден қандай жетістіктеріміз бен қиындықтарымыз бар екенін сұрай келе, тәуелсіз елдің жастарын жарқын болашақ күтіп тұрғанын айтты.    

Мен сол кезде барлық қазақстандық жастардың атынан еліміздің болашағы біз секілді жастардың қолында екеніндігін  айттым», -  деп еске алады өзінің өткенін Р.Махпирова.