- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс депутаттары «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңына енгізілген түзетулерді мақұлдады
Мәжіліс депутаттары «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңына енгізілген түзетулерді мақұлдады
«Аталмыш заң жобасы Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі болжамдарының түзетулері негізінде 2015 жылға арналған бюджетке ел экономикасының 2014 жылғы дамуының болжамдары негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады. Бұл ретте әлемдегі тауарлы нарықтардағы жағдай мен экспортталатын тауарлардың бағасы да назарға алынған», - делінген Қаржы және бюджет комитетінің шешімінде.
Заң жобасындағы түзетілген болжамдар 2015-2017жылдары мұнай баррелінің бағасы 80 мен 50 доллар аралығында болады деп мөлшерленген. Ал, жалпы ішкі өнімнің көлемі 2015 жылы 1,5 пайыз, 2016 жылы 2,3 пайыз, 2017 жылы 3,4 пайыз болады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, инфляция көлемін сол бұрынғысынша 6-8 пайыз көлемінде қылдару болжанған.
«2015 жылға нақтыланған кіріс көлемі 3 219,9 миллиард теңге көлемінде белгіленіп, 939,6 миллиард теңгеге азайтылды. Ұлттық қордан алынған кепілді трансферттер 1 702 миллиард теңге көлемінде болжануда», -дейді комитет өкілдері.
Сонымен қатар, комитет өкілдерінің шешімі бойынша, республикалық бюджеттің 2015 жылға арналған шығыстары нақтыланған жоспар бойынша және дифицит көлемінің 7 пайызға ұлғайтылуына орай 244,5 миллиард теңге болады деп белгіленіп отыр.
«Еліміздің экономикасының болашақта күрделі кезеңдерді бастан өткеруі мүмкін екендігін ескере отырып, Үкіметтің резервтері 317,8 миллиард теңге көлемінде белгіленіп, 250 миллиард теңгеге ұлғайтылды. Бұл шара ел экономикасын проблемалық несиелерді екінші транш көздерінен қаржыландыру арқылы ынталандыруға бөлінген 1 триллион теңгенің есебінен жүзеге асырылғалы отыр. Республикалық бюдджет тапшылығы 2015 жылы 1 265,5 миллиард теңгені құрайды деп күтілуде»,-делінген комитет мәліметтерінде.
Камила Амирова
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
БҚО: Жемқорлықпен күрес, бюджет қаражаты және «Е-асхана» жобасы -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
Е.Өстеміров: Тексерулерге енгізілген мораторий жемқорлық қатерлерін азайтуға мүмкіндік береді -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары