- Басты
- Жаңалықтар
- Шығыс Қазақстан облысында 37 тауарлы сүт фермасы салынып, қайта жаңғыртылатын болады
Шығыс Қазақстан облысында 37 тауарлы сүт фермасы салынып, қайта жаңғыртылатын болады
Соңғы мәліметтерге қарағанда, инвестициялық жобалар негізінен шаруашылық иелерінің өздерінің қаржыларына салынатын болады. Айталық 7 шаруашылық жобаларын өздерінің қаржыларына салатын болса, 2 нысанның қаржыландырылуы екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Сондай-ақ «ФФП СХ» акционерлік қоғамы арқылы 6 шаруашылық, «Востокмолоко» ЖШС арқылы бір нысан, «АКК» акционерлік қоғамы арқылы 1 нысан, «ҚазАгроқаржы» акционерлік қоғамы арқылы 20 нысан қаржыландырылады. «Алдын ала мәліметтер бойынша, «ҚазАгроқаржы» акционерлік қоғамынан жобаларды жүзеге асыруға бөлінетін қаржы көлемі 5 миллиард 113 миллион теңгені құрап отыр», - деді Шығыс Қазақстан облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Дүйсенбай Селиханов.
Осы уақытта «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының өкілдері өздері қаржыландыратын 3 нысанның құжаттарын қарауда. Олар: Көкпекті ауданындағы «Өрнек» ЖШС-і, Бесқарағай ауданындағы «Балке» шаруа қожалығы және Ұлан ауданындағы «Қайрат» шаруа қожалығы. Ал 17 нысан бойынша арнайы кеңес беру жұмыстары жүргізіліп, құжаттары қарау және толықтыру шаралары жүріп жатыр.
Шығыс Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының жетекшісінің айтуынша, осы уақытта барлық қаржыландырылуы тиіс нысандардың бизнес-жоспарлары дайын. Атап айтқанда, «Востокагропромпроект» ЖШС-нің өкілдері 100,200, 400 және 600 бас мал ұстайтын сүт-тауарлы фермалары құрылысының жоба-сметалық құжаттарын дайындауда. Бұл құжаттарға мемлекеттік сараптама жүргізіліп, олар 2015 жылдың 1-ші мамырында толық дайын болады деп күтілуде. «Бүгінгі таңда жобаның шамамен 46 пайызы дайын», -деп мәлімдеді Д.Селиханов.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»