• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қаржы және бюджетті жоспарлау министрлігі мүлік салығын күн тәртібіне келтіруді ұсынды

Қаржы және бюджетті жоспарлау министрлігі мүлік салығын күн тәртібіне келтіруді ұсынды

4 Қазан, 2013 15:44
Қазақстанда мүлік салығын күн тәртібіне келтіру керек, деп мәлімдеді ҚР Парламент Мәжілісі отырысында Қаржы және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев.

«Жалпы, 12 жылдан бері өзгеріске ұшырамаған мүлік салығын күн тәртібіне әкелу керек деп ойлаймын. Тұрғын үй салығының әдістемесіндегі тұрғын үй аумағына байланысты өсім коэффициентін қабылдау мәселесі төңірегіндегі сұрақтармен  келісеміз», - деді министр.

Сонымен қатар, министр аталмыш Заң жобасы аумағы 150 шаршы метрден асатын пәтерлер мен 300 шаршы метрден асатын жер үйлердің барлығына да қатысты емес екенін айтты, «қымбат» үйлердің қатарына ену үшін салынған жыл, тұрған ауданы мен өзге де факторлар ескерілмек.  

Е.Досаевтың айтуынша, ведомствода тұрғын үйге салық салу концепциясын өзгертпей және негізгі бағасының өзгеруіне байланысты аталмыш мәселені қарастыруға дайын.

 

 

Барлық жаңалықтар