• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Ұлыбританияның машина жасаушылары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан мен Ұлыбританияның машина жасаушылары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

24 Ақпан, 2015 18:21
Бүгін Лондон қаласында Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаев пен Ұлыбритания машина жасаушылар технологиясы ассоциациясының вице-президенті Гай Молларт екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойды.

Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлағандай, аталған құжатта екі мемлекеттің машина жасаушыларының қарым-қатынасы негізінде өндірісті роботтандыру, компьютерлік жобалау, темір өңдеудің жаңаша жүйесі мен станоктар және құралдарды соңғы технологиямен өндіру белгіленген.  

Барлық жаңалықтар