- Басты
- Жаңалықтар
- 5 жыл ішінде 1 483 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй салу жоспарланған – «Бәйтерек» холдингі
5 жыл ішінде 1 483 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй салу жоспарланған – «Бәйтерек» холдингі
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі мен ҚР кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы өкілдері бас қосқан дөңгелек үстел тақырыбы тұрғын-үй инфрақұрылымын нығайту бағытындағы Өңірлерді дамыту - 2020 бағдарламасын жүзеге асыруға арналды, деп хабарлады Ұлттық холдинг.
Өңірлерді дамыту – 2020 бағдарламасының жүзеге асуы барысында, 5 жыл ішінде орташа есеппен 29 мың пәтерді құрайтын 1 483 мың ш/м тең жалға берілетін тұрғын-үй салу жоспарланған.
«Жалға берілетін әлеуметтік тұрғын-үйді бөлу барысында басымдық көп балалы отбасыларға, толық емес отбасыларға, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларына, жетім балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мемлекеттік қызметкерлерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге және арнайы мемлекеттік орган қызметкерлеріне, оралмандарға беріледі. Бұл жерде, тұрғын үйлердің 50 %-ы 3 жылдан кем емес некеде тұратын әрі баласы (нәрестесі) бар жергілікті басқару органдарында кезекте тұрғандар бойынша бөлінеді. Жұбайлардың жасы 35-ке толмаған болуы шарт. Сонымен қатар, бөлінген қаржының қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында барлық үміткерлердің төлем-ақы төлеу қабілеті есепке алынатын болады», - делінген хабарламада.
Мәселен, Астана мен Алматы қалаларында көлемі 50 ш/м құрайтын 2 бөлмелі пәтердің жалдық құны 56 мың теңгеден аспайтын болады. Ал қалған өңірлерде 47 мың теңгеден аспайды.
Жалпы 2015 жылы Бағдарламаға сәйкес, 9 740 пәтер немесе 487 мың ш/мкөлемінде жалға берілетін тұрғын-үйді салу және алу жоспарланған.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі