- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Қазақстан мен Моңғолия арасындағы парламентаралық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды
Астанада Қазақстан мен Моңғолия арасындағы парламентаралық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды
«Тараптар кездесу барысында парламентаралық дипломатия мен екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың жайын талқылады. Онда Қазақстан мен Моңғолия өкілдері екі елдің ынтымақтастыққа ұмтылысына негіз болатын басты құжат - 1993 жылдың қазан айында қол қойылған мемлекеттер арасындағы достық қатынас туралы келісім екендігін атап өтті»,- деп хабарлайды Парламенттің баспасөз қызметі.
Парламент өкілдерінің айтуларынша, екі елдің қарым-қатынастары үлкен мүмкіндіктерге ие. Олардың ішінде әсіресе ауыл шаруашылығы мен көлік-тасымал салаларын ерекше атап өтуге болады. Жүздесуде Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары С.Дьяченко Қазақстанның экономикалық дамуының басым бағыттарымен және еліміздің заң шығарушы органының жұмысымен таныстырды. Қазақстанның жетістіктерін жоғары бағалаған Моңғолияның парламенттік делегациясының жетекшісі А.Тлейхан Қазақстанның экономикалық жетістіктерінің зор екендігін әрі елдің ішкі саяси жағдайы мен тұрақтылығынада қызыға қарайтындығын атап өтті.
«Қазақстан Моңғолияның сыртқы саясатында маңызды орынға ие. Сондай-ақ біздің Парламент ұзақ уақыттан бері жалғасын тауып келе жатқан достық қатынастарды бірте-бірте жетілдіре беруді мақсат етіп отыр»,-деді А.Тлейхан.
Кездесу барысында тараптар парламентаралық байланыстардың мықты болғандығы маңызды екендігін атап өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция