• Басты
  • Н.Назарбаев: Қабылданып жатқан шаралар арқасында ұлттық мүдделерді тиісті деңгейде сақтау қамтамасыз етіліп отыр
24 Ақпан, 2015 16:15

Н.Назарбаев: Қабылданып жатқан шаралар арқасында ұлттық мүдделерді тиісті деңгейде сақтау қамтамасыз етіліп отыр

Астанада Мемлекет басшысының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Н.Назарбаев: Қабылданып жатқан шаралар арқасында ұлттық мүдделерді тиісті деңгейде сақтау қамтамасыз етіліп отыр

«Отырыста Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының 2014 жылғы жүзеге асырылу барысы, елдің Қарулы Күштерін нығайту мәселелері талқыланды, сондай-ақ биылға арналған мейлінше өзекті міндеттер белгіленді», - делінген хабарламада.

Президенттің Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Н.Ермекбаев ұлттық қауіпсіздіктің ахуалы мен мемлекеттік органдардың осы саладағы қызметі туралы баяндады.

Мемлекет басшысы қабылданып жатқан шаралар арқасында ұлттық мүдделерді тиісті деңгейде сақтау қамтамасыз етіліп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар діни-экстремистік, террористік, сондай-ақ жаһандық және өңірлік үрдістерден туындаған экономикалық сипаттағы қатерлер сақталып отыр.

Қазақстан Президенті осыған байланысты лаңкестікке қарсы қолда бар инфрақұрылымды жетілдіру қажеттігіне тоқталды.

Атап айтқанда, мемлекет терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі құқықтық және ұйымдастырушылық тетіктерді жетілдіруді жалғастырып, арнаулы бөлімдердің жабдықталуын және олардың лаңкестікке қарсы операцияларға дайындығын арттыру жөнінде шаралар қабылдайды. Түсіндіру жұмыстары азаматтарымыздың бойында экстремистік идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру ісіне бағытталады. Қабылданатын құқықтық және профилактикалық шаралар радикалдық идеяны ұстанатындар санын қысқартуға мүмкіндік береді.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар елдегі және біздің негізгі сауда серіктестеріміздің нарықтарындағы экономикалық ахуалды ұдайы талдап отыруға, қажет болған жағдайда шара қабылдауға тиістігіне назар аударды.

Сонымен қатар, қалыптасқан жағдайда ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға, әлеуметтік және еңбек қақтығыстарына әкелетін себептерді жоюға айрықша назар аудару қажет.  Бұл ретте  еңбек және шаруашылық дауларына қатысушы барлық тараптың заңдылықты сақтауы маңызды.

Қазақстан Президенті біздің республикамыз Украинадағы ахуалды реттеу ісіне барынша күш жұмылдыруды жалғастыратынын айтты.  Бұл мақсатқа жету үшін барлық дипломатиялық ресурстар пайдаланылатын болады.

Отырыста сондай-ақ әскери, қоғамдық, экологиялық, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты мәселелер қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Үкіметке бірқатар нақты тапсырма беріп, олардың орындалуын бақылауды Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығына жүктеді.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды