- Басты
- Жаңалықтар
- Әскерге шақыру жасына дейінгі жасөспірімдер бір күнін теңіз жаяу әскерлері бригадасында өткізді (Фото)
Әскерге шақыру жасына дейінгі жасөспірімдер бір күнін теңіз жаяу әскерлері бригадасында өткізді (Фото)
Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының құрылғанына 13 жыл толуына арналған ашық есік күні аясында Маңғыстау облысындағы 25744 ә/б теңіз жаяу әскерлері бригадасына Ақтау қаласының әскери-патриоттық клубына қатысушылар және әскерге шақыру жасына дейінгі жасөспірімдер барып қайтты.
Мұнда олардың әрқайсысы өздерін нағыз теңіз жаяу әскері ретінде сезінді. Бастапқыда жасөспірімдер атыс қаруының, қолда бар жаңа көздеу аспаптарымен жабдықталған қару-жарақтың үлгілерімен және байланыс құралдарымен танысты. Содан кейін АК-74 автоматын бөлшептеп және жинап көрді, ал мамандандырылған атыс тирінде өз беттерінше ату бойынша жаттығулар орындады.
Бұдан соң балаларға кедергілер жолағын бағындыру ұсынылды, ол теңіз жаяу әскерлерінің күнделікті жаттығуларының бір бөлшегі болып табылады. Теңіз жаяу әскерлері бригадасында өткізілген күннің тамаша аяқталуы сарбаздың нағыз түскі асымен дәл келді. Теңіз жаяу әскерлері бригадасының командирі гвардия подполковнигі Ерболат Толықбаев мұндай іс-шаралар болашақ Отан қорғаушыларға армия қызметінің маңыздылығын, патриоттық рух пен туған елге деген сүйіспеншілікті көрсетудің жақсы мүмкіндігі болатынын айтты.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Күзгі әскерге шақыру науқаны қалай ұйымдастырылады -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды