- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада 2015-2016 жылдардың бюджетіне түсетін кіріс көлемін көбейтуге арналған Жоспар таныстырылды
Астанада 2015-2016 жылдардың бюджетіне түсетін кіріс көлемін көбейтуге арналған Жоспар таныстырылды
Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің басшысы Ә.Сқақовтың айтуынша, елорданың ахуалын жақсарту мен жергілікті және республикалық деп бөлінбейтін мемлекеттік кірістерді көбейту туралы құжаттың негізгі міндеті – қала бюджетіне түсетін қаржының көлемін арттыру.
Жоспар бірнеше бағыттан тұрады: ұйымдастыру, медиялық және фискалдық. Жоспарды жүзеге асырудағы бұл бағыттар бойынша сараптамалық жұмыстар, бизнес климатты жақсарту, мемлекеттік кірістерді жинауды әкімшілендіру, уәкілетті органдармен өзара байланыс, БАҚ әріптестік орнатуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі.
Сқақовтың айтуынша, Астанада 30743 жұмыс беруші өздерінің жалдамалы 4431 жұмысшысының ең төменгі жалақысын ғана көрсетеді. Бұл – бизнестің жалақыны «хатқалтамен» беру тәжірибесін жалғастырып отырғандығының дәлелі. Шынайы жалақыны қысқартып көрсетудің нәтижесінде қала бюджеті қағылатын қаржы жылына 8,3 млрд. теңге көлемінде бағалануда. Ал табыс және әлеуметтік салық төлемдері жылына 1,4 млрд. теңге кем түседі.
Жиын барысында Астанада мемлекеттік сатып алуларда «жауапсыз» кәсіпорындар жиі жеңіске жететіні туралы да айтылды.
«Шын мәнде олардан салық төлемдері мүлдем жоқ. Мемлекеттік сатып алулардың жеңімпаздары жұмыстар мен қызметтердің орындалуына мемлекет сенімімен несие алады десек те болады. Мұндай шексіз мүмкіндікке ие болғандар ісіне барынша адал әрі салықтық төлемдерде абыройлы болуы тиіс қой. Өкінішке орай, жағдай бұдан әлдеқайда алшақ», - деді департамент басшысы.
Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті елорданың «көлеңкелі» экономика үлесі жоғары сауда үйлері мен базарларын тексереді. Астана – шағын және орта бизнес қаласы. Бұл санат саны жыл сайын 20 пайызға өсуде әрі ол негізінен экономиканың шынайы локомотиві саналады. Алайда, көлеңкелі экономика үлесі шағын бизнес ортасында да жоғары болып тұр.
«Дәл осындай жұмыстар көлеңкелі экономика үлесі жоғары болып отырған сауда үйлері мен базарлар бойынша да жүргізіледі», - деді Ә.Сқақов.
Департамент басшысының айтуынша, әлемдік экономикалық дағдарыстың күшеюі салдарынан елордаға, жалпы елімізге еңбек мигранттары легінің артуы болжануда.
«Сондықтан бұл жұмыстарды қазіргі уақытта дұрыс жолға қою маңызды. Оларды тіркеу және мониторингілеудің жекелеген тәртібін бекіту де қажет сияқты. Бұл жұмыстарды және көші-қон полициясымен бірлескен іс-шараларды дұрыс үйлестірген жағдайда ресми тіркелген еңбек мигранттарының және бюджет кірісі артуы мүмкін», — деді Сқақов.
Департамент тоқсан сайын атқарылған іс-шаралар бойынша есеп беріп отырады. Ведомство басшысы қала әкімінен Жоспарға енген ұсыныстарды қолдауды сұрады. Өз кезегінде Ә.Жақсыбеков басым бағыттарды дұрыс деп есептеп, жоспар бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылса, мақсаттың орындалатынын айтты.
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит