- Басты
- Жаңалықтар
- Қатар Мемлекеті Қазақстанның Астанадағы Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының V Съезіне шақыртуын қабылдады
Қатар Мемлекеті Қазақстанның Астанадағы Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының V Съезіне шақыртуын қабылдады
Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, А. Шоқыбаевтың ҚМ Уақыфтар және ислам істері жөніндегі министрі Ғайс бен Мубарак Әл-Кауари және Ибрахим Салех әл-Наимимен болған кездесулері барысында ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан 2015 жылғы 10-11 маусымда Астана қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының V Съезіне шақыру хаттары табыс етілді. Қазақстандық дипломат Доха форумға жоғары деңгейде қатысып, оның жұмысына айтарлықтай үлес қосатындығына үміт артып отырғандығын атап өтті.
Қатарлық Министр мен Орталық банк басшысы Қазақстан Парламенті Сенаты Спикерінің шақыруына алғыспен қабылдады.
«Мұхаммед бен Салех Әл-Садамен кездесу барысында А. Шоқыбаев сұхбаттасына Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуы, сондай-ақ, халықаралық аренадағы еліміздің жетістіктері туралы хабардар етті. Қазақстандық әлеуметтік-экономикалық салаға тоқтала отырып, Министрге Мемлекет Басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа жолдауынның негізгі бағыттарымен таныстырып, мұнай бағасының төмендеуіне байланысты болып отырған кезекті экономикалық дағдарысқа қарсы Қазақстан Үкіметінің атқарып жатқан шаралары туралы айтып берді», - делінген хабарламада.
Мұхаммед бен Салех Әл-Сада Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмеге және біздің тараппен мұнай-газ секторындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.
ҚМ Орталық банк Төрағасымен кездесу барысында ҚР Ұлттық банкі мен ҚМ Орталық банкі арасында толыққанды байланыстарды орнатудың қажеттілігі туралы әңгіме көтерілді. Осы ретте, А. Шоқыбаев қазіргі таңда өз елінің исламдық қаржыландыруды дамытуға қызығушылық танытатындығын, осыған байланысты екі ел арасында осы бағыттағы ынтымақтастықтың орасан зор келешегінің бар екендігін атап өтті.
ҚМ Орталық банк Төрағасы Қатар Мемлекетінің қаржылық жүйесі туралы айта отырып, ислам банкингін қоса алғанда, біздің елімізбен қаржы саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың қажеттілігін жеткізді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы