- Басты
- Жаңалықтар
- «Назарбаев Университетінің» қызметі Астана үшін де, жалпы еліміз үшін де маңызды – Ә.Жақсыбеков
«Назарбаев Университетінің» қызметі Астана үшін де, жалпы еліміз үшін де маңызды – Ә.Жақсыбеков
Астана қалалсының әкімі Әділбек Жақсыбековтың төрағалығымен өткен жиынға ЖОО басшылары мен қалалық құрылымдардың басшылары қатысты.
Жиынды аша отырып, әкім «Назарбаев Университетінің» қызметі Астана үшін де, жалпы еліміз үшін де маңызды екенін атап өтті.
«Университет еліміздің, елордасы Астананың инновациялық дамуын қамтамасыз ететін жас жоғары кәсіби деңгейдегі мамандардың басты ұстаханасы бола алады және болуға тиіс», - деді Әділбек Жақсыбеков.
«Назарбаев Университетінің» басшылығына бизнес-құрылымдар мен экономика саласындағы сарапшылардың білім ордасының қызметіне зор қызығушылық танытатынын жеткізді. Сондай-ақ, елорданың дамуына байланысты серіктестіктің бірнеше перспективті бағытын белгілеп берді. Атап айтқанда, ЖОО мен қалалық білім беру жүйесінің арасында ақпаратпен, озық жобалармен және тәжірибемен жан-жақты алмасу, бірлесіп олимпиадалар, ғылыми жобалар байқауларын өткізу. Әділбек Жақсыбеков Астана үшін басым бағыттардың бірі ақпараттық технологиялар саласы екенін айтты.
« «Назарбаев Университетінің» қызметкерлері мен студенттері Астанада «ақылды қызмет көрсетуді» енгізу бойынша жаңа техникалық шешімдер әзірлеуге зор үлес қосатынына сенімдімін. Қызығушылық танытқан студенттерге жалпы қала бойынша осындай жобалардың үйлестірушісі болып табылатын «Астана Innovations» АҚ тәжірибеден өтуді ұсынамыз», - деді әкім.
Сонымен қатар, Астана ЖОО инновациялық жобаларын іске асырудың басты алаңына айналуы керектігі, бұл үшін барлық жағдай жасалып жатқаны атап өтілді.
Жастар саясаты саласындағыы ынтымақтастыққа тоқтала келе, қала басшысы студенттерді «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің волонтерлік корпусының құрылуы аясында «Волонтерлік мектеп» жобасына қатысуға тарту қажет екендігін ерекше атап өтті. Астана әкімі елорда жастары мен мектеп оқушыларының «Назарбаев Университетіне» деген қызығушылығын ескере отырып, аталған ЖОО-да экскурсиялар мен ашық есік күндерін ұйымдастыруды ұсынды.
Өз кезегінде, «Назарбаев Университетінің» президенті Шигео Катсу университеттің мақсаттарының бірі Астананың халықаралық инновациялар, бизнес және білім орталығы ретінде қалыптасуына үлес қосу екенін айтты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек