- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Ислам мәдениетінің астанасы құрметті атағы Алматының рухани дамуына тың серпіліс береді
Н.Назарбаев: Ислам мәдениетінің астанасы құрметті атағы Алматының рухани дамуына тың серпіліс береді
Қала әкімдігі хабарлағандай, конференцияны ашқан Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов оқиғаның маңызды екендігін атап өтіп, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау жеделхатын оқып берді.
«Алматының ислам мәдениеті астанасы мәртебесіне 2015 жылы Қазақстанның Ислам ынтымақтастығы ұйымына (ИЫҰ) мүше болғанына мерейлі 20 жыл толуы кезінде ие болуы есте қаларлық оқиға.
Осы жылдар ішінде Қазақстан ортақ мүдделер тұғырнамасын құра отырып, мұсылман әлемі елдерімен қарым- қатынасты нығайтуға белсенді атсалысып келеді.
Біздің елдеріміздің арасындағы мәдениеттегі, ғылымдағы, білім берудегі дәстүрлі гуманитарлық байланыстарды жаңғырту мен дамыту ұзақ мерзімді сәтті ынтымақтастықтың берік негізін қалайды.
Ислам мәдениетінің астаналары Халықаралық жобасы Ислам ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің мәдени алмасу, гуманитарлық байцланыцстарды одан әрі дамыту және ынтымақтастықты тереңдету әлеуетінің өзектілігін арттыруға үндейді.
Ислам мәдениетінің астанасы құрметті атағы тарихи сабақтастықты айшықтап, Алматы қаласына ислам мәдениетін дамытуда тың серпіліс береді», - делінген жеделхатта.
Ахметжан Есімов «Алматы- Достастықтың 2014 жылғы мәдени астанасы» бағдарламасы қала тұрғындары мен қонақтары үшін есте қаларлық мәдени оқиғаларға толы жыл болғандығын атап өтті.
«Алматылықтардың көңілінен шыққан 32 шара өтті. Ал, биыл Алматы жаңа мәдени бағдарлама эстафетасын қабылдап отыр», - деп атап өтті мегаполис басшысы.
Сөзінің соңында Ахметжан Есімов Алматы тек қаржы орталығы ғана емес, сонымен қатар түрлі мәдениет тоғысқан орын екендігін әрі мегаполистің діни, ұлттық, этникалық толеранттық үлгісін көрнекі түрде көрсетіп келе жатқандығын да атап өтті. Қазіргі кезде қалада 300-ден астам этномәдени бірлестіктер жұмыс істейді.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Мұқағали Мақатаевтың тағлымды мұрасы қаншалықты бағаланып жүр -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда