- Басты
- Жаңалықтар
- М.Полторацкая: Барлаушы болуды армандап, су астындағы ұрысты басқару қызметінің командирі болдым
М.Полторацкая: Барлаушы болуды армандап, су астындағы ұрысты басқару қызметінің командирі болдым
Мария Полторацкая ол кезде жап-жас қыз болатын және ол майданға өз еркімен келді. Сол кезде әскери қызметтен әлі тәжірибесі жоқ қыз Кавказға қарауылшы кемелердің кіші командирлері мектебіне жіберген. Ол уақытта байланысшы болып жүрген жас қыз Кавказдың теңіз қорғанысы аудандарының бірінде 431 Батуми батареясының алғы шебінде жүріп соғысқа қатысады.
«Мені ол уақытта қарауылшы кемелдердің Балаклав мектебіне кіші командир етіп жіберді. Мамандығым - байланысшы. Мен ол жақта маусым мен қазан айлары аралықтарында біліктілігімді арттырдым. Оқу біткен соң біздің барлығымызды әскери бөлімдерге бөле бастады. Мен 431 жағалау батареясына түстім. Бірақ мен ол жақта өзімнің барлаушы болғым келетіндігімді айттым, бірақ маған ондағылар аз уақыт күте тұруды тапсырды»,-дейді Мария Ивановна.
Ардагердің айтуынша, сол кездгі жап-жас қыз Қара теңіз флотының Кавказдық қорғаныс ауданының Батуми бекінісінің 431 батареясына түседі. «Менің ондағылар барлаушы боламын дегеніме қарамастан оқ атуды басқару қызметінің орталық бекетіне жіберді. Ол батарея кемелер мен сүңгуір қайықтарды атқылауға арналған болатын»,-деді Мария Ивановна.
ҰОС ардагерінің сөзінше, кемелер мен сүңгуір қайықтарды табу өте қиын. Ол үшін алдын ала арнайы барлау жұмыстары жүргізіліп, бүкіл ақпараттардың барлығы негізгі құрылғылар мен ұшақтардан жинақталып, бекет өкілдері ақпараттарды тиісті жерге жібереді. Содан соң барып, көзделген нысананы атқылау жұмыстары басталады. Біз болсақ өзіміздің еңбегіміздің нәтижесін көріп қатты қуанып жүрдік»,-дейді Мария Полторацкая.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды