- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың күшіне енуіне қолғабыс көрсету Конференциясының тең төрағасы ретінде тағайындалды
ҚР Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың күшіне енуіне қолғабыс көрсету Конференциясының тең төрағасы ретінде тағайындалды
2015 жылы қыркүйек айында Нью-Йорк қаласында өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясы шеңберінде Қазақстан өзінің міндеттеріне сәйкес Жапониямен бірлесе 9-шы ЯСЖТШ-тың күшіне енуіне қолғабыс көрсету Конференциясына төрағалық етеді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
«Қазақстанның төрағалығы кезеңінде бірнеше маңызды халықаралық оқиғалар орын алады: 2015 жылы тамызда жапондық Хиросима және Нагасаки қалаларында болған адам түршігерлік атомдық жарылысқа 70 жыл, 2016 жылы Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы Семей шартына 10 жыл және ЯСЖТШ қол қою үшін ашылғанына 20 жыл толады», - делінген хабарламада.
Семей полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен және өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан Қазақстан ядролық қарудан азат әлемге және ЯСЖТШ тезірек күшіне енуіне ықпал етуге бағытталған жұмысын белсенді түрде жалғастырып, халықаралық қауымдастықтың қызметіне жәрдем көрсетуге ниетті.
ҚР Президентінің осы саладағы соңғы бастамаларының бірі – АТОМ жобасы – ЯСЖТШ-тың күшіне енуіне кең ауқымды қоғамдық қолдау көрсетеін жаһандық науқан болып табылады. Бүгінгі күннің өзінде әлем көшбасшыларына жолданған онлайн-петиция жобасына 100-ден астам елден 100.000-ға жуық адам қол қойды.
Жалпы белгілі, ЯСЖТШ-ына қол қою 1996 жылы қыркүйектен басталды. Бүгінгі күні 183 ел оған қол қойып, 163-і ратификациялады. Сонымен қатар, Шарт күшіне енуі үшін, оған, ең кем дегенде, Екінші Қосымшада тізімі берілген сегіз ел қол қойып, ратификация рәсімінен өткізуі тиіс: АҚШ, Израиль, Иран, КХДР, ҚХР, Мысыр, Үндістан және Пәкістан.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме?