• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда көктемгі - егіс жұмыстарын қаржыландыруға 97 млрд теңге бағытталады

Қазақстанда көктемгі - егіс жұмыстарын қаржыландыруға 97 млрд теңге бағытталады

24 Ақпан, 2015 10:57
Қазақстанда көктемгі - егіс жұмыстарын қаржыландыруға 97 млрд теңге бағытталады, деді ОКҚ брифингінде ҚР Парламентінің Сенаты Сергей Плотников.

«Көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландырудың жалпы сомасы 97 млрд теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бағдарламасы бойынша 28,5 млрд теңге бөлінді. 1610 бірлік жаңа ауыл шаруашылығы техникасын әкелу жоспарланып отыр», - деді С.Плотников.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында агроөндірістік кешенді қолдауға мемлекет көп көңіл бөлу керектігін айтқан болатын, ол салаға 20 млрд теңге бағытталды.

Парламент Сенатының депутаты айтқандай, ауыл шаруашылығы министрлігіне бөлінген қаржы кеш уақытқа шегеріледі.

«Бүгінгі таңда Парламентте «Астық нарығын реттеу бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы қаралуда», - деді ол.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар