- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: Жамбыл облысында 2015 жылы 700 жұмыс орнының ашылуымен 5 жоба жүзеге асырылады
ИИДМБ: Жамбыл облысында 2015 жылы 700 жұмыс орнының ашылуымен 5 жоба жүзеге асырылады
«Индустриаландыру картасы аясында құны 22,8 млрд. теңгені құрайтын 6 жоба іске асырылып, мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылған. ҮИИД бағдарламасының алғашқы бес жылдығында құны 123 млрд. теңге болатын 33 жоба жүзеге асырылса, екінші бесжылдықта 26 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда», - деді облыс әкімі К.Көкрекбаев.
Нәтижесінде 7 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 374 жобаға қолдау көрсетілді. Олардың 32 пайызы аудандарда, қалғаны Тараз қаласында орналасқан.
«Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Жаңатас және Қаратау қалаларына өткен жылы 1,2 млрд. теңге бөлініп, қаражат көгалдандыру, жарықтандыру т.б жұмыстарға жұмсалды», - деді ол.
«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бағдарлама аясында 258 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Биыл Тараз қаласындағы автобекет пен Сабалақов көшесінің аумағындағы 462 га жерге 14,15 шағынаудандардың құрылыс жұмыстары жүргізіледі.
Осыған дейін «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы шеңберінде 109 көпқабатты тұрғын үй жөнделсе, биыл 916 млн.теңгеге 44 көппәтерлі баспанаға жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
«Ақ бұлақ» бағдарламасының аясында қазір аймақ тұрғындарының 60 пайызы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған.
2014 жылы ауылшаруашылығы саласында 5,3 млрд.теңгеге 142 жоба іске асырылды.
Елбасының аграрлық-инновациялық кластер құру туралы тапсырмасына сәйкес, Шу ауданында көкөніс кластерін ұйымдастыру жұмыстары қолға алынды.
Облыс әкімі өңірдегі білім және денсаулық саласына да жіті көңіл бөлініп келе жатқанына тоқталды. Мәселен, «Балапан» бағдарламасы бойынша 23 балабақша, 9 шағын орталық ашылып, 3 тен 6 жас аралығында мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандардың үлесі 71 %-ға жеткен.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады