- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан халықаралық-құқықтық өрісті кеңейту бойынша Еуропа және Азия елдерімен 30 шақты келіссөз жасады
Қазақстан халықаралық-құқықтық өрісті кеңейту бойынша Еуропа және Азия елдерімен 30 шақты келіссөз жасады
Қылмысқа қарсы әрекет ету саласындағы халықаралық-құқықтық өрісті кеңейту үшін Бас прокуратура қылмыстық іс жүргізу бойынша халықаралық келісім-шарттарды жасасу бойынша шетелдік әріптестермен бірге тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.
«Қазіргі таңда Қазақстан еуропалық елдермен 16, азия елдерімен 14 екі жақты шарт жасасқан және біз мұнымен ғана шектелмейміз. Сондай-ақ көршілес орналасқан елдерден басқа сауда-экономикалық қарым-қатынас реттелген, туристік әлеуеті жоғары және бизнес жүргізу үшін жеңілдігі бар салық қарастырылған елдерге басымдылық беріледі», - деді ол.
Біздің серіктестеріміздің қатарында өзаралық қағидасы бойынша қылмыстық-құқықтық салада ұзақ уақыт бойы ынтымақтастық жүргізіліп келе жатқан Америка Құрама Штаттары ерекше орын алады.
2009 жылғы 17 қарашада Бас прокуратура мен АҚШ Федералды Тергеу Бюросы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылуы осындай ынтымақтастықты құқықтық реттеуде жасалған алғашқы қадам болып табылады.
Біздің елдер арасында ұзақ уақыт бойы шарттар жасалмағанына қарамастан, біз тиісті өзара қарым-қатынас орната білдік, екі тарап та тексеру кезінде көмек көрсету туралы алынған сұрауларды қысқа мерзім ішінде орындап отырды, деп хабарлады Бас прокуратура.
«Өткен жылдың өзінде біз америка тарапынан қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы 8 сұрау алсақ, біздің тараптан олардың мекен-жайына осындай 4 сұрау жіберілді», - деді ол.
Осыдан бір апта бұрын ғана Америкада салық және банктік алаяқтықпен жасалған қылмыстық іс бойынша АҚШ құзыретті органдарының құқықтық көмек көрсету туралы сұрауын жедел түрде орындағанымыз үшін біз америка тарапынан алғыс хат алдық.
Өздеріңізге мәлім, осы жылғы 20 ақпанда Вашингтонда Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы Шартқа қол қойылды.
Қазақстан үшін бұл оқиға үлкен жетістік болып табылады, өйткені Қазақстан Орталық Азия аймағында Құрама Штаттармен осындай Шарт жасаған алғашқы ел болып табылады.
Осы аталған халықаралық акт негізінде, қазақстандық және америкалық құқық қорғау органдары қылмысқа қарсы әрекет етуде, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуде, сонымен қатар азаматтардың заңды мүдделерін және құқықтарын қорғауда заңды және жедел түрде өзара іс-қимыл жасай алады.
Соның ішінде, біз бүгінде 1992 жылғы 23 мамырдағы қылмыстық істер бойынша өзара көмек көрсету туралы, 1933 жылғы 26 желтоқсандағы экстрадициялау және 1993 жылғы 9 маусымдағы сотталғандарды табыстау жөніндегі америкааралық конвенцияларға Қазақстанның қосылуы туралы мәселені қарау үстіндеміз, бұл жалпы алғанда америкалық континент елдері және Америка Құрама Штаттарымен қылмыстық сот ісі аясындағы халықаралық ынтымақтастықты реттеуге мүмкіндік береді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер