- Басты
- Жаңалықтар
- Финляндия Парламентінің Төрағасымен кездесу барысында ҚР делегациясы білім саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылынды
Финляндия Парламентінің Төрағасымен кездесу барысында ҚР делегациясы білім саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылынды
«Қазақстандық делегацияны Финляндияның Парламентінде жылы жүзбен қарсы алды. Парламент Төрағасы Эеро Хейнялуома 2014 жылы Астанаға сапары барысында өткен мазмұнды сұхбаттарға назар аудара отырып, Қазақстанмен білім саласындағы ынмымақтастығының маңыздылығын атап өтті. Фин тарапының пікірінше, білім беру саласындағы ынтымақтастық жаңа сапалы сипатқа ие болды: студенттер мен ғылыми-педагогикалық кадрлармен алмасу бойынша бірінші қадамдардан бүгінгі күні Қазақстан мен Финляндия бірлескен білім беру бағдарламаларды іске асыру кезеңіне шықты. Э. Хейнялуома Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Құрметті профессоры болып табылатынын атап өту керек», - деп хабарлады ҚР СІМ.
Білім министрлігінде қазақстандық қонақтар үшін мазмұнды бағдарлама ұйымдастырылды. Оның барысында инновация және білім берудің қазақстандық-фин тобымен жүзеге асырылып отырған жобалармен танысты. Финляндияның білім беру мекемелерінің өкілдері еліміздің индустрияландыру қажеттілігі, соның ішінде құрылыс үшін қазақстандық мамандарды дайындауда қатысуға қызығушылық танытты.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ның Инновациялық Паркі шеңберінде өткізіліп отырған жұмысты ескере отырып ғылыми өңдеулерді коммерциялау бойынша ТЕКЕС агенттігінің атқарымдары тәжірибелік қызығушылық көрсетті.
Қазақстандық делегацияның көптеген кездесулері Астананың туыстас қаласы - ең атақты финдік «смарт-сити» Оулу қаласында жалғастырылды. Сапардың маңызды нәтижесі бірлескен академиялық бағдарламалары әзірлеу саласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Оулу Университеті арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол коюы болды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
Білім беру гранттарын тағайындау: Қандай құжаттар қажет