Сенат Бюросының отырысында күн тәртібі анықталды

23 Ақпан, 2015 18:09
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының отырысын өткізді, онда Мәжілістен түскен заң жобалары қаралды.

Сенаттың баспасөз қызметі хабарлағандай, экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті «2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»; «Халықаралық әуе тасымалдарының кейбір қағидаларын біріздендіруге арналған конвенцияны ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын одан әрі пысықтау және қорытынды әзірлеу үшін жауапты болып белгіленді.

Бюрода сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын босату және сайлау, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Сотының судьясын босату туралы мәселе де қаралды. Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті Қазақстан Республикасының Президенті ұсынған кандидатураларды талқылап, олар бойынша қорытындылар әзірлеу тапсырылды.

Бюро отырысы барысында Палатаның  2015  жылғы 26 ақпандағы кезекті отырысының күн тәртібіне ұсыныс енгізілді. Сенаторлар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын босату және сайлау, ТМД Экономикалық Сотының судьясын босату туралы мәселелерді; сондай-ақ: «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Македония Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді ратификациялау туралы»; «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (энергия тиімділігін арттыру және жастар бірлестіктерін дамыту бағдарламасы үшін бір донордың Траст қоры әкімшісі ретінде әрекет етуші) арасындағы Грант туралы келісімді (Энергия тиімділігін арттыру жобасы) ратификациялау туралы»; «Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер ментолықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын қарауды жоспарлады.

 

 

Барлық жаңалықтар