• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандықтардың соңғы кезде ресми статистикаға қолжетімділігі артты – Смайылов

Қазақстандықтардың соңғы кезде ресми статистикаға қолжетімділігі артты – Смайылов

23 Ақпан, 2015 17:56
Қазақстандықтардың соңғы кезде ресми статистикаға қолжетімділігі артты.Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің кеңейтілген отырысы барысында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлімдеді.

««е-статистика» енгізу қорытындысы бойынша біздің интернет-сайтқа кірушілердің саны көбейді. Бұл бизнес пен халық және қоғам үшін ресми статистиканың ашықтығы соңғы кезде өскендігін көрсетеді», - деді Ә.Смайылов.

Ол атап өткендей, өткен жылдың қорытындысы бойынша 2 млн адам сайтқа кірген. «Бұл көрсеткіш 2013-пен салыстырғанда 2,4 есе көп, ал 2009 жылмен салыстыратын болсақ, көрсеткіш 16,6 –ға өскен», - деді ол.

Сондай-ақ, Ә.Смайылов электрондық статистиканың басымдылығына тоқтады.

«Оның басымдылығы қаржылық, еңбек, транспорттық және уақыт шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Статистикалық есептерді тапсырған кезде әкімшілік кедергілер алшақтатылып, мәліметтерді енгізу кезіндегі олқылықтар жойылады», - деді Ә.Смайылов.

Сондай-ақ, ол атап өткендей, жақын арадағы 4 жылда ведомство өзге ақпараттық жүйелермен ақпарат алмасу бойынша жол картасын әзірледі.

«Алдағы 4 жылда  тағы 10 ақпараттық интеграция жасау жоспарлануда», - деді ол.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар