- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда онлайн-режимде 290 мыңнан астам статистикалық есеп қабылданды
Қазақстанда онлайн-режимде 290 мыңнан астам статистикалық есеп қабылданды
«Жыл басынан бастап біз респонденттерден электронды үлгіде есептерді қабылдай бастадық. Өткен жылы онлайн-режимде 290 мыңнан астам статистикалық есептер қабылданды. Респонденттердің ішінде аталмыш жүйеде жұмыс істеушілер саны артуда», - деп мәлімдеді ол.
Сонымен қатар, Ә. Смайыловтың айтуынша, «е - статистика» АЖ құру - статистикалық органдармен жұмыс істеу тиімділігін арттырады, себебі барлық ішкі ақпараттық жүйе өзара байланыстырылған және өзгерістер енгзуде жеңілдіктер бар.
Айта кетерлік жайт, 2010 жылға дейін статистикалық есептерді жасақтау жергілікті ақпарат кешенінің негізінде жүргізілді. Әр жергілікті бақылау бойынша жеке жергілікті бағдарлама болды. Респонденттердің есебі тек қағаз түрінде берілетін. Бұл Смайыловтың айтуынша, жергілікті жүйеге мәліметтер қолымен енгізілетін болғандықтан ұзын сонар кезектер түзілетін.
«Статистикалық мәліметтерге қолданушылар тек қағаз түрінде қол жеткізетін және олар тек санаулы түрде ғана болатын, сондықтанда бизнес пен халықтық статистикалық мәліметтерге қол жетімділік өте төмен болды», - деп жалғастырды ол.
ҚР ҚЭМ статистика комитетінің төрағасы атап өткендей, 2010 жылдың басында статистикалық процестерді автоматтандыру бойынша жаңа технологияларды енгізу шешімі қабылданды. « Осы ретте 2010 жылы «Е-статистика интеграцияланған ақпараттық жүйе» жобасының техникалық экономикалық негіздемесі жасалды. Оның мақсаты ақпарат жинау процесін толығымен автоматтандыру болатын», - деп толықтырды Ә. Смайылов.
Индира Кауметова
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды