- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Сарыарқа – дала өркениетінің алтын бесігі» көрмесі ашылады
Астанада «Сарыарқа – дала өркениетінің алтын бесігі» көрмесі ашылады
ҚР Ұлттық музейі «Сарыарқа – дала өркениетінің алтын бесігі» көрмесі арқылы Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Ғасырлар қойнауынан сыр шерткен Қазақстан» атты жобаны ашады. Жоба аймақтар арасындағы мәдени байланысты нығайтуға, музей ісін дәріптеуге, Қазақстанның облыстық тарихи өлкетану музейлерінің мол қорларынан жинақталған қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетінің құнды артефактарымен, жәдігерлерімен елорда тұрғындары мен қонақтарын таныстыруға мүмкіндік береді.
Қарағанды облысы музейлерінің қызықты, кең ауқымды көрмесіне 617 жәдігер ұсынылған.
Көрмеге б.з.д. VII-VI ғасырлармен межеленген Талды-2 қорымында (Қ. Аманжолов атындағы ауыл) жерленген сақ жауынгерінің салтанатты киімінің реконструкциясы, тас балбалдардың, ғұрыптық құрылымдардың, қалашықтардың фотосуреттері қойылған«Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған қызықты әрі танымдық экспозция қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен даму тарихын ашады. Мұнда Қасым ханның, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің портреттері, ортағасырлық Шотқара және Басқамыр қалашықтарының, XII-XV ғасырлардағы «Хан ордасы» ескерткіші, Алаша ханның, Болған ананың суреттері және т.б. көрсетіледі», - делінген хабарламада.
Облыс республиканың ең ірі индустриалдық өңірі саналып, ал Қарағандыны «кеншілер қаласы» деп атайды. Көрмеде 30 жылдардағы кеншілердің каскасы, қолшамдары, кен балғасы, қайла және т.с. көрсетілген.
Сонымен қатар, көрмеге Қарағанды облысымен оның аумағындағы мәдени, діни нысандар туралы және тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров жайында толық ақпараттар қойылған.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Жалған вакцина паспорты мен ПТР анықтамасы үшін қандай жаза тағайындалады -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты