• Басты
  • Жаңалықтар
  • Бангкокта Қазақстан мен Азиядағы бейбітшілік пен келісім кеңесі ынтымақтастығының даму мәселелері талқыланды

Бангкокта Қазақстан мен Азиядағы бейбітшілік пен келісім кеңесі ынтымақтастығының даму мәселелері талқыланды

23 Ақпан, 2015 18:25
Бангкок қаласында Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшісі Марат Есенбаевтың Азиядағы бейбітшілік пен келісім кеңесінің төрағасы, Таиланд Корольдігінің бұрынғы вице-премьері мен сыртқы істер министрі Суракиарт Сатиратаймен кездесуі өтті.

Кездесу барысында өңірлік және экономикалық қауіпсіздік, Қазақстан және Азиядағы бейбітшілік пен келісім кеңесі арасындағы ынтымақтастықтың даму мәселелері талқыланды, деп хабарлады СІМ.

Қазақстандық дипломат сұхбаттасын Қазақстанның ағымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, Еуразия экономикалық одақ жұмысының басталуы, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасының негізгі бағыттары, сонымен қатар 2015 жыл мерейтойлық күндері – Елбасының бастамасы бойынша құрылған келісім ен төзімділіктің бірегей интитуты Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы және ҚР Конституциясының 20 жылдығы туралы хабардар етті.

Тараптар жаһандық және өңірлік қауіпсіздік мәселелерін де қозғады. Азиядағы ынтымақтастық пен келісім кеңесінің төрағасы С. Сатиратай Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нормандық төрттік» келіссөздерін өткізудегі үлесін қолдап, Қазақстанның Украинадағы жағдайды бейбіт реттеу бойынша күш-жігерін жоғары бағалады. «Қазақстан Республикасы Орталық Азиядағы жетекші ел болып табылады. Президент Назарбаев украиндық мәселені бейбіт реттеудегі елеулі үлес қосатын құрметті және беделді саясатшы болып табылады», - деп С. Сатиратай мәлімдеді.

М. Есенбаев пен С. Сатиратай, сонымен қатар, Орталық Азиядағы шекараралық өзендер мәселесі бойынша және Халықаралық құқық жөніндегі Азиялық қауымдастық шеңберіндегі ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Халықаралық құқық жөніндегі Азиялық қауымдастығы Азия континентінде білім және тәжірибені ілгерілету мақсатында Азия елдерінің халықаралық құқық саласының мамандары мен ғалымдарын біріктіретін үкіметтік емес ұйым болып табылады.

 

Барлық жаңалықтар