• Басты
  • Алматының үздік ұстаздары 2014 жылы 300 мың теңгенің грантына ие болды – әкімдік

Алматының үздік ұстаздары 2014 жылы 300 мың теңгенің грантына ие болды – әкімдік

23 Ақпан, 2015 17:23
Алматыда Білім беру жылы аясында жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға 1 мың ұстаз 300 мыңның теңгенің грантына ие болды.

Алматы қаласының әкімдігі хабарлағандай, әрбір мектепте бес ұстаз грантқа ие болды.

Алматылық оқушылардың республикалық және халықаралық байқауларда биік нәтиже көрсеткендері осы әрекетке әкелді. Алматы қаласы 3 жыл қатарынан ҰБТ бойынша 1-ші орынды бағындырды. Сондай-ақ, Алматы қаласының оқушылар командасы республикалық олимпиада жеңімпазы атанды. 12 рет қатарынан қала оқушылары халықаралық деңгейде  280 жүлделі орындарға ие болды. Білім беру грантына 33 оқушы ие болды. 

Барлық жаңалықтар