Оңтүстік Қазақстан облысында кондитерлік фабрика ашылды

4 Қазан, 2013 14:56
Бүгін, 4 қазан күні Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында «Барыс 2007» ЖШС кондитерлік фабрикасының ашылу рәсімі болып өтті, деп ОҚО-ның кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

«Өндіріс қуаты сағатына 700-1000 келі қантты печенье мен «Таралли», «Торчетти»  кондитерлік өнімдерін шығарады. Бірінші, екінші кондитерлік өнімдерді шығару 7,5 млн долларды құрады», - деп кәсіпорынның бас директоры Азат Қаражанов хабарлады.  

Хабарламада айтылғандай, алғашқы айналмыда печеньенің 18 түрі шығарылады. Екінші айналымда «Таралли» және «Торчетти»  итальяндық өнімдерді өндіру жоспарланып отыр.

Қолданысқа енгізіліп отырған бағыт толық заманауи қондырғылармен жабдықталған. Айта кетейік, кондитерлік фабоика 80 жаңа жұмыс орнын ұсынды.

 

Барлық жаңалықтар