«Сколково» қоры Қазақстанда «Стартап-тур 2015» байқауын бастады – ТДҰА

23 Ақпан, 2015 17:08
Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік Қазақстанда «Стартап-тур 2015» байқауы басталғанын жариялады, шараның ұйымдастырушысы «Сколково» қоры.

Аталмыш шара 2020 жылға дейін  арналған ТМД қатысушы-елдерінің инновациялық ынтымақтастықтың мемлекетаралық  бағдарламасын жүзеге асыру аясында жүзеге асырылып отыр. ТМД экономикалық кеңесінің шешіміне сәйкес (09.12.2011 ж) оның операторы болып  «Сколково» қоры тағайындалды.

««Стартап-тур 2015»  байқауына қатысу үшін кез келген санаттағы адам, яғни қызығушылық танытқандардың барлығы қатыса алады», - делінген хабарламада.

Алматы қаласында 19-20 наурызда өтетін кезекті сында қатысушылар инвестициялық жобалар саласындағы үздік мамандардың шеберлік сыныптарына қатыса алады. Сондай-ақ, олар стартап идеялардың жүзеге асуы бойынша семинарлар мен тренингтерге қатысып, әлеуетті инвесторлар мен кәсіпкерлер алдында өз жобаларын таныстыра алады. 

Барлық жаңалықтар