- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да жастар саясатын іске асыру үшін 295 млн теңге бөлінді
ШҚО-да жастар саясатын іске асыру үшін 295 млн теңге бөлінді
Облыс әкімдігі хабарлағандай, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін 295 млн. теңге қаражат бөлініп, 2 мыңға жуық іс-шаралар жүргізілді. 2,5 мың адам электрондық жастар еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналастырылды.
2014 жылы бірегей Жастар экологиялық қалашығы құрылысы басталды, онда жастар ұйымдарына арналған түрлі спорт алаңқайлары мен кеңселері орналастырылатын болады.
«Ауыл мен жастар инновациялық кәсіпкерлігін дамыту бойынша БҰҰДБ пилоттық жобасы іске асырылуда, осы мақсаттарға 2014 жылы 6,3 млн. теңге бөлінді», - делінген хабарламада.
Ауылдық елді мекендерге жұмысқа келген әлеуметтік саладағы 344 жас маманға 44,6 млн.теңге көтерме ақы төленді. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорттың 230 маманына 570,2 млн.теңге берілді.
Өңірлерді дамыту шеңберінде ауылды дамытуға барлық жұмыс істеп тұрған бағдарламалардан қаражат тартылған, соның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы 2020», «Өңірлерді дамыту», «Бизнестің жол картасы», «ТҮКШ модернизациялау», «Ақ бұлақ», «Білім беруді дамыту», «Денсаулық сақтауды дамыту», «Агробизнес 2020».
Жалпы ауылды дамытуға 40,0 млрд.теңге бағытталып, 2,4 мың жобадан астамы жүзеге асырылды. 18,5 млрд.теңге сомасында тұрғындар мен кәсіпкерлердің меншікті және қарыз қаражаты, 21,5 млрд.теңге сомасында бюджеттік қаражат іске қосылған. 5,5 мың қосымша жұмыс орны ашылған.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген