• Басты
  • Жаңалықтар
  • Әскери музыканттар ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына орай қайырымдылық концерт өткізді (ФОТО)

Әскери музыканттар ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына орай қайырымдылық концерт өткізді (ФОТО)

23 Ақпан, 2015 15:53
ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық әскери оркестрінің әртістері ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері, репресияға ұшырағандар мен еңбек ардагерлері тұратын қарттар мен мүгедектерге арналған Астана қаласының медициналық-әлеуметтік мекемесінде өнер көрсетті.

« «Ешкім ұмытылған жоқ, еш нәрсе ұмытылмады» қайырымдылық концертінде әскери жылдардағы белгілі қазақ және орыс композиторларының туындылары шырқалды. Мысалы, «Атамекен», «День Победы», «Темная ночь», «Прощание славянки», «Офицерские жены» және басқалар. Қариялар өз эмоцияларына ерік беріп, көздеріне жас алды», - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

ҚР ҚК Әскери-оркестрлік қызметтің бастығы Тимур Жартыбаев атап өткендей, әскерилер қайырымдылық концерттерге үлкен ықылыспен қатысып, өнер көрсетеді. Бүгінде қазақстандық әскерилер Жеңістің 70 жылдығына арналған салтанатқа қызу дайындалуда.

Барлық жаңалықтар