Астанада кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселесі талқыланды

23 Ақпан, 2015 13:41
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлік қызметті реттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.

Комиссия жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, Ұлттық банктің, және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылары қатысты.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, күнтәртібінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес рұқсат беру құжаттарын 50 пайызға қысқарту арқылы бизнес үші әкімшілік кедергілерді төмендету мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, Сарапшылар тобының ІІМ, МСМ, БҒМ, ҰБ және басқа да мемлекеттік органдардың 134 рұқсаттарын қысқарту және жою ұсынысы қаралып, мақұлданды. Жалпы, 267 рұқсат беру құжатын қысқарту ұсынылды, бұл олардың жалпы санының 52 пайызын құрайды.

 

 

Барлық жаңалықтар