- Басты
- Жаңалықтар
- «KAZENERGY» қауымдастығы кезектен тыс президенттік сайлауды өткізуді қолдайды
«KAZENERGY» қауымдастығы кезектен тыс президенттік сайлауды өткізуді қолдайды
«Қазақстанның 80-ге жуық ірі мұнай газ энергетика субъектілерінің басын қосатын, сонымен қатар ҚазМұнайГаз, KEGOC, ҚазТрансОйл, Самұрық-Энерго сынды ұлттық компанияларды біріктіретін «KAZENERGY» қауымдастығы 2015 жылы кезектен тыс президенттік сайлауды өткізу бастамасын қолдайды. Тәуелсіздік жылдары еліміз энергетикалық, адами, ғылыми инновациялар қорын жасақтады және ол бізге болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді», - делінген «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы»ЗТБ бас директоры А.Мағауов оқыған үндеуде.
Алайда, үндеуде аталып өткендей, әлемдегі дағдарыс көріністеріне байланысты Қазақстан көмірсутегіне деген сұраныстың азаюымен бетпе-бет келуде.
«Сонымен қатар, Президенттің сарабдал сара саясаты Қазақстан экономикасының тұрақты өсімін қамтамасыз етуде. Еліміз бойынша зауыттар ашылуда, жаңа жұмыс орындары құрылуда. Мемлекет шағын және орта бизнеске қолдау көрсетіп келеді. Отандық бизнес ЕАЭО аясында белсенді жұмыс істеуде. 2015 жылы кезектен тыс президенттік сайлауды өткізу Қазақстанды тұрақтылықпен қамтамасыз етеді және әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруі жолында табысты фактор болатынына сенемін», - деп түйді «KAZENERGY» бас директоры.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі 14 ақпанда кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы бастама көтерді.
Камила Амирова
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
COVID-19: Әлемде жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны артты -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы