Шымкенттегі 3 индустриалды аймақта 27 инвестжоба жүзеге асырылады

23 Ақпан, 2015 14:32
2014 жылы Шымкентте 4 жаңа индустриалды аймақ құрылды. Оның үшеуінде 6658 жаңа жұмыс орнын құра отырып, 27 инвестициялық жоба жүзеге асырылатын болады, деп мәлімдеді ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов өңір халқымен есепті кездесу барысында.

Оның атап өтуінше, агро-индустриалды аймақта 800 жұмыс орны құрылып, онда жыл сайын 25 мың тонна көкөніс өндірілетін болады. Бұдан бөлек, облыстың барлық аудандары мен қалаларында индустриалды аймақтар салу үшін 1200 гектар жер бөлінген.

«Түркістан қаласында, Шардара мен Созақ аудандарында индустриалды аймақтар жұмыс істей бастады. Аудандар мен қалалардың индустриалды аймақтарында 5793 жұмыс орны құрылып, 38,9 млрд. теңгенің 43 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Оның ішінде 4 инвестициялық жоба 197 жаңа жұмыс орнын құра отырып, жүзеге асырылды. «Оңтүстік» АЭА-да 19 жоба мақұлданды. Оның 8-і жүзеге асырылған, 11 кәсіпорынның құрылысы жүргізілуде», - деді әкім.

Бұған қоса, өңір әкімдігінің ақпаратында сәйкес Шымкентте өткен халықаралық форум аясында жалпы сомасы 865 млн. АҚШ долларын құрайтын 17 келісімге қол қойылған. Шымкент қаласындағы сауда-логистикалық орталық аймағында 8 ірі жоба жүзеге асырылуда.

Барлық жаңалықтар