- Басты
- Жаңалықтар
- Армия генералының отбасына 30 жыл өткен соң «Отан соғысының II дәрежелі» Ордені берілді (Фото)
Армия генералының отбасына 30 жыл өткен соң «Отан соғысының II дәрежелі» Ордені берілді (Фото)
Отан соғысы орденіне армия генералы, Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов 1985 жылы ұсынылған болатын. Алайда бұл награда өз иесіне жеткен жоқ. Міне, 30 жылдан соң, Ресей Федерациясы бас консулының кеңесшісі,консул Дмитрий Игнатьев көптен күткен награданы бірінші Қорғаныс министрінің ұлы, медицина қызметінің генерал-майоры Талғат Нұрмағамбетовке табыс етті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Осы іс-шарада алғы сөзді ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы, Алматы гарнизонының бастығы генерал-майор Дәулет Оспанов айтты. Ол майдангердің даңқты өмір жолы мен ерліктері жайында сөз етті. Сонымен қатар іс-шараға батырдың майдандас досы Сағындық Кенжебаев та қатысты. Екінші дәрежелі Отан соғысы ордені – бұл Ұлы Отан соғысы жылдарында пайда болған, дәрежелерге бөлінетін бірінші кеңестік орден екенін атап өткен жөн. Орденнің сипаттамасында «бұл орден басқыншыларға қарсы Отан соғысында Кеңестік Отан үшін ұрыстарда ерекше көзге түскендерге берілетін орден деп көрсетілді.
Бұл Орденмен Кеңестік Отанды қорғаудағы ұрыстарда көрсеткен батылдығы, табандылығы және ер жүректілігі үшін Қызыл армияның, Әскери-теңіз флотының қатардағы және басшылық құрамы, ХІІК әскерлері, партизан жасақтары, сондай-ақ әскерлеріміздің жауынгерлік операцияларында табысқа жетуіне жағдай жасайтын әскери қызметшілер марапатталады». Отан соғысы ордені екі дәрежеден тұрады. Оның жоғарғы дәрежесі І дәреже болып табылады. Орденнің сипаттамасында кеңестік мадақтау жүйесінің тарихында тұңғыш рет марапаттауға ұсынылған адамның ерекшелігі, нақты ерліктері көрсетілді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды